{metadescription}
Жолаушы Үшаралдың орнына Үржарға ұшып кеткен

Жолаушы Үшаралдың орнына Үржарға ұшып кеткен

"Южное небо" әуе компаниясының қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолданылды.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыны қателесіп Үшаралдың орнына Үржарға отырғызып жіберген. Оқиға екінші шілдеде болған, дегенмен ол жайында енді ғана белгілі болды. Қазақстандықты рейске елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері шығарып салған.

"Үшарал мен Үржар қаласына ұшатын ұшақтардың тұрағы бір-біріне жақын орналасуына байланысты әуежай қызметкері тұрақты шатастырып, жолаушыны Үржарға баратын рейске отырғызып жіберген", - деп хабарлады "Южное небо" әуе компаниясы.

Жолаушыны қабылдаған "Южное небо" компаниясының қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолданылады.

"Үржар қаласына келгеннен кейін жолаушыға Үшарал қаласына дейін дәрігердің бақылауымен трансфер ұсынылды. "Южное небо" Сабырбаева ханымнан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп атап өтті әуе компаниясы.

Үшарал – Алматы облысының Алакөл ауданының орталығы. Үржар – Үржар ауданының әкімшілік орталығы және Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылдық округі. Елді мекендер арасындағы қашықтық – шамамен 200 километр. "Южное небо" әуе компаниясы 2014 жылы құрылды. Бас кеңсесі Шымкент әуежайында орналасқан.

Дереккөз: sputniknews.kz


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде