{metadescription}
Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

Ірі кәсіпкердің жол талғамайтын көлігіне өткен жұма күні белгісіз біреу оқ жаудырған.

Шымкентте ірі кәсіпкерді өлтіріп кетті, полиция қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қылмыс 19 шілде күні Арай көшесінде болған. Деректер бойынша, сағат шамамен 15.30-да бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне аңшы қаруынан оқ жаудырған. Шымкент полициясы жергілікті тұрғынды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.  

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде