{metadescription}
Ақмола облысында екі инспекторды атып кетті

Ақмола облысында екі инспекторды атып кетті

Ақмола облысында киікті қорғаған екі инспекторға қарсы оқ атылды.

Оның хәлі мүшкіл. Браконьерлердің соңына түсіп, оққа ұшып қалған инспекторлар жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды. 

«23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алды», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Қазіргі уақытта бір инспектордың жағдайы өте ауыр. Ол ауруханада есін жимай жатыр. Жарқайын ауданындағы ІІО күдіктілерге іздеу салып, тосқауыл қою жоспарын жариялады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде