{metadescription}
Жезқазғандағы шахтада жас кенші қаза тапты

Жезқазғандағы шахтада жас кенші қаза тапты

Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының шахтасында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде 28 жастағы кенші көз жұмды.

Жазатайым оқиға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында болды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өндіру учаскесі бұрғылаушысының 1991 жылы туған көмекшісі ауыр жарақат алды. Оқиға салдарынан жас кенші көз жұмды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.  «Қазақмыс компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде