{metadescription}
Қорықшыны өлтірді деген күдікпен әкелі-балалы ұсталды  

Қорықшыны өлтірді деген күдікпен әкелі-балалы ұсталды  

45 жастағы еркек пен оның 20 жастағы ұлы "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасады деген күдікке ілінді.

Ақмола полицейлері"Охотзоопром" инспекторларына шабуылдады күдікпен екі адамды ұстады.

"45 жастағы күдікті мен оның 20 жастағы ұлы Арқалық тұрғыны екені анықталды. Олар полициядан жасырына жүріп, автокөліктен құтылмақшы болған. Дегенмен, ақмолалық жедел қызметкерлердің  жұмыла әрекет етуінің арқасында олар Қостанай облысының аумағында ұсталды", - деп жазылған Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін Ақмола облысында инспекторларға жасалған шабуылды тергеу барысын ішкі істер министрі ерекше бақылауға алғаны айтылған болатын.

Министр Ерлан Тұрғымбаев қылмысты тергеу үшін өңірге криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары жетекшілік ететін Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының бір топ қызметкерін жіберді.

Сейсенбіде Ақмола облысында "Охотзоопромның" төрт қызметкері Бірсуат ауылында екі жол талғамайтын көлікпен киіктерді күзету шарасын өткізген. Рейд кезінде ақбөкеннің ауланғаны анықталып, қорықшылар браконьерлердің соңына түседі. Нива" көлігінен оқ атылып, салдарынан екі инспектор жарақат алған. Инспекторлардың бірі кеудесінен оқ жарақатын алып, дәрігерлер келгенше жан тапсырды. 1975 жылы туған екінші инспектор кеудесі мен иығынан жарақат алған.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.