{metadescription}
«Секіремін деп күйеуін қорқытқан»: Әйел 32-қабаттан құламақ болды

«Секіремін деп күйеуін қорқытқан»: Әйел 32-қабаттан құламақ болды

Елордада көпқабатты үйден секірмек келіншек және ол сөзге келіп қалған күйеуі полиция басқармасына жеткізілді.

«Медициналық сараптамаға сәйкес ерлі-зайыптылар ішімдікке мас болған», - деді ресми өкіл.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекованың мәлімдеуінше, Достық көшесінің бойындағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үйіне келген полиция жасағы келіншек пен оның күйеуін Есіл аудандық Полиция басқармасына мән-жайды анықтау үшін жеткізген. 

«Тексеру барысында келіншек күйеуімен ұрсысып қалған соң көпқабатты үйден, биіктен төменге секіремін деп күйеуін тек қана қорқытпақ болғаны белгілі болды. Алайда ол секіргісі келмеген. Ерлі-зайыптыларға қатысты қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалды. Медициналық сараптамаға сәйкес ерлі-зайыптылар ішімдікке мас болған», - деді ресми өкіл. 

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде келіншек аталмыш тұрғын үйдің 32-қабатынан секірмек болған.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде