{metadescription}
Ақтөбеде 30 жастағы ер кісі әкесін тұншықтырып өлтірді

Ақтөбеде 30 жастағы ер кісі әкесін тұншықтырып өлтірді

Өңір тұрғыны туған әкесін өлтіргенін мойындады.

Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. 27 шілдеде Алғын ауданы Тікқайың ауылында ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Сот медициналық сараптама нәтижесінде ауыл тұрғынының "механикалық асфиксия" салдарынан көз жұмғаны анықталған.

Учаскелік полиция инспекторы кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның туған ұлын ұстады. Жанжал кезінде ашуға булыққан жігіт әкесін арқанмен буындырып өлтірген көрінеді. Тәртіп сақшылары хабарлағандай, ҚР ҚК 99-бабы бойынша (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам қылмысын мойындап, қазір уақытша ұстау абақтысында отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде