{metadescription}
Аквапаркке барған ер адамның ішіне паразит кіріп, миын жеп тастаған

Аквапаркке барған ер адамның ішіне паразит кіріп, миын жеп тастаған

Солтүстік Каролинада аквапаркке барған америкалық Эдди Грей адамның миын жейтін паразит жұқтырып алған.  

12 шілдеде 59 жастағы Грей Fantasy Lake  аквапаркіне достарымен бірге барған. Алайда, бір аптадан соң ол қайтыс болып кетеді. Анықталғандай, ер адам амеба (амеба Неглерия Фоулер) жұқтырып алған. Паразит ер адамның мұрнынан кіріп, ары қарай миын жеп тастапты. Грейдің отбасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. 

Осы оқиғадан кейін адамдарға Солтүстік Каролинаға демалуға барғанда абай болу керектігі ескертілді. Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Дуэйн Холдердің айтуынша, суда жүзу қауіпті емес екен. Бірақ суға секірерде мұрынды жауып түсу керек екенін ескертті. Сондай-ақ, ғалымдар паразит егер адамның аузынан кірсе, ешнәрсе болмайтынын айтады. Бірақ паразиттер негізі иммунитеті әлсіз адамдарға қауіпті екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде