{metadescription}
Екі ер адам үш жасар қызды зорлап, өлтіріп тастаған

Екі ер адам үш жасар қызды зорлап, өлтіріп тастаған

Үндістанның Джаркханд штатында үш жасар қызды анасының жанында ұйықтап жатқан жерінен алып кетіп, өлтіріп тастады.

Ер адам теміржол станциясында қызды еш саспастан көтеріп алып кетеді. Ал ұйықтап жатқан анасы ештеңені сезбеген. Ұйқысынан оянған әйел қызының жоқтығын көріп, полицияға хабарлайды. Ол бір кездері өзі тастап кеткен күйеуінен күдіктенген. Өйткені жоғалған уақытта ер адам да олармен бірге сол теміржол станциясында болған. Ер адам балалар саудасына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. 

Қылмыскерлер мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері сол арқылы ер адамның 30 жастағы достарын тез таба алды. Олар тергеу кезінде қыздың күні бойы зорлағандарын айтқан. Сәби жылап қоймаған соң, өлтіріп тастаған. Қылмыскерлер үш жасар қыздың денесін қайда лақтырғандарын да көрсетті.

Алайда, оның басын неліктен кесіп тастағандарына жауап бере алмаған. Кішкентай қыздың мүшесі сол күйі табылмады. Анықталғандай, қызды алып кеткен ер адам 2015 жылы бала ұрлау ісі бойынша сотталған. Жақында ғана түрмеден шыққан оның үш баласы бар екен.  

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде