{metadescription}
Алматыда Көк-төбе отқа оранды

Алматыда Көк-төбе отқа оранды

Көк-төбе телемұнарасынан бір шақырым жердегі 10 гектар аумақ отқа оранды.

Ведомство хабарлағандай, адамдар мен ғимараттарға ешқандай қауіп төнген жоқ.

«Өрттің жеке секторға ауысуының алдын алдық. Тікұшақтар қайтарылды. Суды лақтыру жұмыстары 12 рет орындалды. Судың жалпы көлемі 36 текше метр. Бұл, осындай жалындарды ауыздықтауда шешуші құрал болып табылды. От толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы кезекшілік атқару үшін оқиға орнында қалды», - деп жазды Facebook-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтовтың мәліметінше, далалы алқаптағы өрт сағат 19.58-де толығымен өшірілді. Көктөбедегі төтенше жағдайды жоюға екі тікұшақ жұмылдырылған болатын.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам мен төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз көлігі жұмылдырылған. Бұдан бөлек «Алматы тазалық» кәсіпорнының суару көліктері де тілсіз жаумен күресуге қатысты. Сондай-ақ өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 және Алматы қаласы құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшақтары атсалысты.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде