{metadescription}
Алматыда тағы өрт тұтанып, бір адамның мәйіті табылды

Алматыда тағы өрт тұтанып, бір адамның мәйіті табылды

Көктөбе бөктерінде болған өрттің төменгі тұсында тағы бір ошақ тұтанды.

Құтқарушылар бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров мәлім етті.

«Қазіргі уақытта бірінші өрттен төменгі жақта, Диваев көшесі бойымен шатқал арқылы өткенде 21-үйге қарсы бетте, шамамен 1 мың шаршы метр аумақта құрғақ шөптің өртенуінің екінші жағдайы тіркелді. Тілсіз жаумен күрес барысында белгісіз адамның денесі табылды. Оның жынысы мен тұлғасы анықталуда. Екі өрттің бір-біріне байланысы жоқ. Соны сөндіруге ауыстық. Жұмыстар жерден жүргізілуде. Себебі түнгі уақытта авиация жұмыс істей алмайды», - деп жазды ол Facebook-та.

Еске салсақ, 11 тамызда сағат екілер шамасында Алматыда Көк-Төбе телемұнарасынан бір шақырым жерде қурай жанған болатын. Өрт сөндіруге тікұшақтар жұмылды. ІІМ ТЖ комитетінің мәліметтері бойынша, өрт 19.58-де сөндірілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде