{metadescription}
Жойқын өрттен 5 бала ажал құшты

Жойқын өрттен 5 бала ажал құшты

Пенсильвания штаты Эри қаласында шыққан өрттен бес бала мерт болды.

Өрт балалар күндіз баратын орталықта болған. Harris Family Day Care жеке орталығындағы өрт туралы хабар жексенбі күні түнде жергілікті уақытпен сағат 1:12-де түскен. Өрт сөндірушілер төрт минуттың ішінде келген, бұл уақытта өрт ғимаратты толықтай шарпып үлгерген.

Өрт сөндірушілер ғимараттың иесі Элейн Хэрристі ажалдан аман алып қалды. Ол ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, 12 және 17 жастағы екі жасөспірім құтқарылды. Олар жанып жатқан ғимараттың шатырына шығып, жерге секірген. Бұдан бөлек, өрттен көрші үйдің иесі зардап шеккен. Қаза тапқан балалардың есімдері мен жастары әзірге хабарланған жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.