{metadescription}
Тайфуннан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

Тайфуннан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

Қытайдың шығысында "Лекима" супер тайфуны салдарынан қаза болғандардың саны 43 адамға жетті, тағы 17 адам хабар-ошарсыз кетті.

Бұған дейін 32 адам қайтыс болып, 16 адам хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланған болатын.

"Сағат 12.10-дағы (Нұр-Сұлтан уақытымен 10.10) ақпарат бойынша, Чжэцзян провинциясында "Лекима" тайфуны салдарынан 38 адам қайтыс болып, тағы 10 адам хабар-ошарсыз кетті", - деп хабарлады.  

Апат аймағында барлығы 1,65 миллионнан аса адам қалды, билік 180 мыңнан астамын эвакуациялады. Тайфун 175 мың гектар ауыл шаруашылығына арналған жерді жойып, 600-ден астам ғимаратты қиратты.

Еске салсақ, Қытайдағы осы жылдың тоғызыншы тайфуны 10 тамызда Чжэцзян провинциясының Вэньлин қалалық уезінің жағалауына жетті. Салдарынан Қытай шығысынан миллиондаған адам эвакуацияланды.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде