{metadescription}
Дәрігерлер қарындағы майдан туындайтын ауруды айтты

Дәрігерлер қарындағы майдан туындайтын ауруды айтты

Медицина мамандары қампиған қарынның денсаулыққа қаншалықты зиянды екенін түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, қарындағы май ішкі органдардың жұмысына да кері әсерін тигізеді. Себебі ол майдан «4 ақуыз-ретинол» деп аталатын маркер бөлінеді. Соның салдарынан диабет туындайды. Бұдан бөлек, қарындағы май жүрек ауруына және сан алуан ісікке себеп болады. Осыған байланысты дәрігерлер, әсіресе ер адамдарға салмақты үнемі бақылап отыруға кеңес береді. Белдің көлемін өлшеп тұрған жөн. Орташа бойлы адамдарда белдің көлемі 94 сантиметрден аспауы қажет.

Ал қарындағы майдан құтылу үшін күнделікті рационды қадағалап, калориясы көп тамақты жиі жемеген дұрыс. Қарынның шығып кетуіне ұйқы режимін сақтамау мен күйзеліс те әсер етуі мүмкін. 

Дерекккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.