Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда хатико ит тастап кеткен иесін бір апта күтті
Атырауда алабай тұқымды ит өзін тастап кеткен иесін бір апта күткен.
12:51 13.08.2019
Атырау тұрғыны Виктория ит жайлы әлеуметтік желіде естіп, жапан далаға іздеп барады. Бір аптаға жуық тамақтанбаған иттің әбден әлі құрып, үруге шамасы жетпей қалған. Викторияның айтуынша, итті қожайыны әдейі тастап кеткен.
"Жақын жерде дүкен бар. Алайда ешкім итті тамақтандырмаған. Мұны иесі әдейі айдалаға тастап кеткенге ұсқайды. Итті ақша үшін асырап, күшіктерін сатумен айланысқан болуы керек. Кейін керек қылмай далаға апарып тастаған", - деді әйел.
Қайырымды жан алабайды ветеринарға тексертіп алғанын да жеткізді. Итке жаңа иесін табу үшін еріктілерге тапсырады екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram