{metadescription}
Дүкеннен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды

Дүкеннен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды

Оқыс оқиға 11 тамыз күні Украинада болған.

Украинаның Днепр қаласындағы дүкендердің бірінен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды. Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған. Қыз дүкеннің есігін ашпақшы болғанда оны сол мезетте тоқ соққан. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі шұғыл жетті.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бала кардиоревматология бөліміне жеткізілді. Қыздың анасының айтуынша, баласының қолы сәл күйіп қалған, әрі тахикардия (жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы) болыпты. Бала қатты қорқып қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.