{metadescription}
Шымкентте әскерилердің ақшасын тартып алған

Шымкентте әскерилердің ақшасын тартып алған

Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінің бұрынғы командиріне сот үкімі шықты.

Ол әскери қызметкерлердің ақшасын тартып алып отырғаны үшін айыпталған еді. 2018 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 35784 әскери бөлімінің полковнигі А. 29 қызметкерге әрқайсысына 81 620 теңгеден сыйақы жазып беруді ұсынады. Бір шарт – олардың әрқайсысы кейін командирге 60 мың теңгеден қайтаруы тиіс. Әскери қызметкерлер амалсыз келісіп, артынша оған 1,74 млн теңгесін береді.

Кейін командир осы ақшаға әскери бөлімдегі тәртіпті қадағалайтын ҰҚК барлау бөлімінің басшысын сатып алмақ болады. Ол ҰҚК қызметкеріне 200 мың теңге беріп тұрған жерінен ұсталды. 

Сотта ер адам өз кінәсін толықтай мойындап, әскери қызметкерлерден тартып алған ақшаның бір бөлігін қайтарды. Сот оған пара берді деген айып тақты. Сондай-ақ, сот оның алғаш рет сотталып отырғанын ескеріп, пара сомасынан 6 есе көп айыппұл тағайындады, деп жазады stan.kz. Бас бостандығынан айырмады. Үкімде экс-полковниктің шенінен айырылғаны және алдағы уақытта мемлекеттік қызметте басқарушы бола алмайтыны айтылды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде