{metadescription}
Алаңдауға негіз жоқ – ТЖД өкілдері Алматыдағы сел жайлы

Алаңдауға негіз жоқ – ТЖД өкілдері Алматыдағы сел жайлы

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалада сел жүру қаупіне қатысты пікір білдірді.

"14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінде ішкі арналардағы су тасыды. Болжам бойынша, секундына 5 текше метр су тасыды. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Жағдай бірқалыпты, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өзен арнасындағы жағдай тұрақты, дүрлігуге себеп жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері брифинг барысында.

Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған. Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды.

Еске салайық, бүгін таңға жақын Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.