{metadescription}
Шетел азаматы павлодарлық әйелді миллион теңгеге алдап кетті

Шетел азаматы павлодарлық әйелді миллион теңгеге алдап кетті

Шетелдік азамат өзіне ғашық болған павлодарлық әйелді миллион теңгеге алдап кетті.

АҚШ азаматымын деп танысқан ер адам әлеуметтік желі арқылы Павлодар тұрғынын алдап, 2550 доллар (870 мың теңгеден астам) қаражатын алып қойған. Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, ер адам әлеуметтік желі арқылы 57 жастағы әйелмен танысып, хат-хабар алмасып тұрады. АҚШ азаматымын деп танысқан ол Кабулда жұмыс істейтінін жазған. Араға біраз уақыт салып әйелдің басын айналдырып алған соң, шетелдік Павлодарға оны көру үшін келгісі келетінін айтады. 

Оның айтуынша, жүгін жинап, Павлодарға жіберіп қойыпты, бірақ кенет проблема туындаған екен – ер адамның ақшасы жоқ болғандықтан, сүйіктісі жүктің ақысы үшін 2 550 АҚШ долларын (870 мың теңгеден астам) төлеуі керек болады.

Ештенеден күдіктенбеген облыс тұрғыны банктен кредитке ақша алып, ақшалай қаражатты курьер-агенттің шотына жіберген. Алаяқ жүктің жолда кешігіп жатқанын айтып, 3 ай бойы сүйіктісінен одан да ірі көлемде ақшалай сома сұратқан, алайда ақшаның таусылғанын білген кезде ізін суытқан. Сонда ғана әйел адам өзінің алданғанын білген. Аталмыш фактіге қатысты алаяқ бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

 

 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде