{metadescription}
Қазақ жігіті жеңілмеген боксшыны ұтып, 3 бірдей чемпиондық белбеуді иеленді

Қазақ жігіті жеңілмеген боксшыны ұтып, 3 бірдей чемпиондық белбеуді иеленді

Нұрсұлтан Жаңабаев үш чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жекте австралиялықты жеңді.

Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшысы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін жеңіп алды. Жаңабаев Сиднейде (Австралия) ICC Exhibition Centre аренада өткен бокс кешіне қатысты.

Оның қарсыласы жергілікті боксшы Стив Гаго болды. Жекпе-жекте WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдары бәске тігілді. Он раундқа есептелген кездесуде төрешілердің шешімімен Нұрсұлтан жеңіске жетті: 96-91, 95-92, 95-92.

Жаңабаев кәсіпқой бокста осымен сегізінші жекпе-жегін өткізіп, бәрінде жеңіске жетті (оның бесеуін нокаутпен ұтқан). Гаго алғаш рет жеңіліс тапты, ол 11 жекпе-жекті ұтқан (оның төртеуі – нокаут).

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.