{metadescription}
Тальгодағы зорлық оқиғасынан кейін дабыл түймесі орнатылмақ

Тальгодағы зорлық оқиғасынан кейін дабыл түймесі орнатылмақ

Жақын арада Қазақстандағы пойыздарға дабыл түймесі орнатылады.

Өзіне төнген қауіпті сезген жолаушы түймені басса болғаны, дабыл пойыз полициясына жетеді. Бұл туралы АҚ "Жолаушы тасымалының" өкілі Диас Ахметшәріп айтып берді. 

"Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақын арада барлық жолаушы вагондары дабыл түймесімен жабдықталады. Купе мен плацкарттардағы тамақ стөлінің астында дабыл түймесі болады. Егер қауіп төніп тұрғанын сезсеңіз сол тетікті басып, полиция қызметкерлерін шақырсаңыз болады. Қазіргі таңда бұл жүйенің жұмыс жасауы туралы талқылаулар жүргізілуде", - дейді Ахметшәріпов. 

Сонымен қатар, Алматы-Маңғышлақ бағытында шыққан 25 жаңа пойызға бақылау камералары орнатылғаны белгілі болды. 

"Әр вагонда алты камера бар. Олар жұмыс тамбурын, коридорды түсіреді. Сонымен қатар, қауіпсіз болу үшін жыл соңына дейін бақылау камерасы бар 60 вагон дайындамақпыз. Жыл сайын жаңа вагондармен толықтырып отыратын боламыз", - дейді ол. 

Оған қоса, ҚТЖ психолог кабинетін ашып, барлық мамандарды аттестациядан өткізбек. Бұл сынақтар жолсерікті жан-жақты тексеретін болады. 

"Осы жылдың басынан жолсеріктерге арналған психологтың бөлмесі ашылады. Жолсерікті жұмысқа алу мәселесі қатаң қадағаланып, олардың психологиялық теңдігі, қиындыққа төзімділігі, жолаушыға деген көзқарасы тексерілетін болады. Жолда әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан жолсеріктердің барлығы аттестациядан өтетін болады", - дейді жолаушы тасмалмалының өкілі. 

Қорытындылай келе ол "Тальго" пойызындағы қыз зорлау фактісі бойынша ҚТЖ жолсеріктерді жұмысқа алғаны үшін 3 қызметкерді жұмыстан шығарып, қалған 7 қызметкерге қатаң ескерту жасаған. 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде