{metadescription}
Көкшетауда 19 жастағы футболшы қайтыс болды

Көкшетауда 19 жастағы футболшы қайтыс болды

Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының 19 жастағы футболшысы Роман Зюзин қайтыс болды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Роман Зюзин 11-ші тамыз күні Көкшетау қалалық көпбейінді аурханасына өте ауыр хәлде түсті.

«Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Республикалық және облыстық деңгейдегі дәрігер мамандарды тарта отырып, кешенді түрде диагностика және емдеу шаралары қолға алынды. Өкінішке қарай, науқастың өмірін сақтау мүмкіндігі болмады. Өлімнің себебі, дәрігерге кеш жүгіну, сепсистік жағдайын нашарлатқан асқынған іріңді қабыну үрдісі», - деп атап өтті Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.