{metadescription}
Семейлік кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ

Семейлік кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ

Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасаймын деп отыр.

«Жас кәсіпкер» жобасының аясында Айдын Серікқазы қымыздан балмұздақ жасаймын деген бизнес-жобасын қорғады, деп хабарлайды Алтайньюс. Балмұздаққа «Qaz Ice» деп ат қойған ол, ұлттық сусынды әлемдік брендке айналдырғым келеді дейді.

– Көбіне кішкене балалар қымыз ішпейді ғой, сондықтан, осы бір бастаманы қолға алдым. Әрі табиғи таза өнім пайдалы болып табылады, – дейді жас кәсіпкер.

Тәтті жобасын сәтті қорғаған Айдын енді 550 мың теңге көлемінде грантқа ие болмақ.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде