{metadescription}
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан кейін ірі жол апаты болды

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан кейін ірі жол апаты болды

Алматыда түні бойы жаңбыр жауып, Райымбек даңғылын су басып кеткен, салдарынан ірі жол апаты болып, төрт адам зардап шекті.

Қалааралық бағыттағы автобус пен төрт жеңіл көлік Райымбек даңғылының бойында Яссауи көшесінің шығысында ірі жол апатына ұшыраған. Көлік жүргізушілері мен куәгерлердің айтуынша, барлық көлік шығысқа қарай кетіп бара жатқан. Lada Priora мен Toyota Ipsum тежелген, себебі жол бөлігін су басқан. Осы кезде олардың артынан жүріп келе жатқан қалааралық автобус тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен екі көлікті де соққан. 

Toyota Ipsum инерциясымен алда келе жатқан Toyota Camry көлігін қағып, ал ол өз кезегінде Daewoo Nexia көлігін соққан. ЖКО салдарынан 4 адам зардап шекті. Олардың үшеуі Toyota Ipsum көлігінің жолаушысы болса, біреуі – Lada Priorа-ның жүргізушісі. Зардап шеккендер түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қалалық полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде