{metadescription}
Түркістанда ер адам өгей шешесі мен оның қарт анасын өлімші етіп сабаған

Түркістанда ер адам өгей шешесі мен оның қарт анасын өлімші етіп сабаған

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі әйелді ұрып-соққан азаматқа іздеу салып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Түркістан облысы Келес ауданында екі әйелді ұрып-соққан күдіктіге іздеу салынды. 2019 жылдың 15 тамызында Келес аудандық полиция бөлімшесіне екі әйелдің тән жарақатымен ауруханаға түскені хабарланған.

Ал, тәртіп сақшылары оқиға орнына тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні барып, түркістандық азаматтың өгей шешесі мен оның анасын сабап, қашып кеткенін анықтаған. Енді, Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі әйелді ұрып-соққан азаматқа іздеу салып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зақым келтіру» және 149-бабы «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр және онда оқиғаның мән-жайы анықталады. Ал, күдіктіге іздеу салынды», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.