{metadescription}
Индонезияда кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты

Индонезияда кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты

Индонезияда жағалауда тұрған кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты.

Тағы төрт адам хабар-ошарсыз кеткен. Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Оңтүстік-Шығыс Сулавеси провинциясының жағалауында болған. Синьхуа агенттігінің Индонезия Іздестіру және құтқару ұлттық агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латифке сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі – бала.

Апатқа ненің себеп болғаны әзірге белгісіз, басқа ақпарат жария етілмей отыр. Өрт кеменің машиналық бөлігінде тұтанған болу керек. Экипаж мүшелері жалынды өшіре алмаған.

«Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болған», - дейді Латиф.

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.