{metadescription}
Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам мерт болды

Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан ер адам қаза тапты.

Оқиға бүгін ерте таңмен Орал-Атырау жолы бойында Бәйтерек ауданы аумағында орын алды. «Мерседес» «ГазЕЛЬ» жүк көлігімен соқтығысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Үлкен Шаған ауылы тұсында болған жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем сағат 04.25-те шақырылды.

Апат салдарынан 4 ер адам зардап шекті. Соның ішінде 1992 жылғы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат. 1989 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақаты, шамамен отыздардағы ер адам жақ сүйегі сынуы, іш жарақатымен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1972 жылғы ер адам қаралып, оқиға орнында қалдырылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде