{metadescription}
Мейрамханаға келуші даяшыны өлтіріп кетті

Мейрамханаға келуші даяшыны өлтіріп кетті

Шыдамсыз ер адам өзінің тапсырысын ұзақ күтуден шаршаған

Францияда мейрамханаға келуші тапсырысын ұзақ күткеніне көңілі толмай, даяшыны атып өлтірді. БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай 16 тамыз күні Париж жанындағы Нуази-ле-Гран коммунасында болған. Куәгерлер сэндвичінің дер кезінде дайын болмағанына ашуланған ер адам даяшыны атып өлтіргенін айтады.

Оқ 28 жастағы даяшының иығына тиген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қылмыскер ізін суытқан. Полиция іздестіріп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.