Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Аты аңызға айналған боксшы қайтыс болды
Өзінің титулын қорғау бойынша 40 жыл бойы рекорд сақтап келген спортшы өз үйінде көз жұмды.
01:05 18.08.2019
Жартылай орта салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы, Куба тумасы, Мексика азаматы Хосе Наполес 79 жасында қайтыс болды. Спортшы өзінің Мехикодағы үйінде көз жұмды. Боксшының бірінші титулдық жекпе-жегінен бері елу жыл өткен. Ал оған дейін Наполес кәсіпқой рингте 64 кездесу өткізген. Өзінің карьерасын 81-7 рекордымен аяқтады, қарсыласын 54 кездесуде нокаутпен жеңді.
БАҚ спортшының жұмсақ техникасына байланысты Mantequilla (май) деп атаған. The Ring журналы жыл боксшысы деп таныған (1969). 1990 жылы есімі дүниежүзілік бокс даңқы залына енгізілді.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram