{metadescription}
Қонақүй өртеніп, 9 адам көз жұмды

Қонақүй өртеніп, 9 адам көз жұмды

17 тамызда Украинаның Одесса қаласындағы Tokyo Star қонақүйінде өрт шығып, 9 адам мерт болды.

«Нақтыланған ақпарат бойынша 17 тамызда сағат 14:12-де тергеу жүргізу барысында өрт болған жерден 9 адамның денесі табылды», - делінген Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі таратқан хабарламада.

Қонақүй түн ортасында өртенген. Төтенше жағдай мамандары өрт себебін, қонақүйде қанша адам болғаны белгісіз. Өрт шыққан отельде 273 бөлме болған. Өрт аумағы мың шаршы метрге дейін жеткен. Жалынды сөндіруге үш сағаттай уақыт кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде