{metadescription}
Жәнiбек Әлiмханұлы кaнадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Жәнiбек Әлiмханұлы кaнадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) өзінің кәсіби рингтегі жетінші айқасын өткізді.

Ол кеше Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жекпе-жекке шықты. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді және де екінші, бесінші раундта қарсыласын ногдаунға түсірді.

26 жастағы Әлімханұлы үшін бұл жетінші кездесудегі жетінші жеңіс (үшінші нокаут), ал 32 жастағы МакЛеллан осымен шаршы алаңда төртінші рет жеңілді. Сондай-ақ, оның есебінде 27 жеңіс және үш рет тең түскені бар. Қазақстандық боксшы АҚШ-та бесінші рет өнер көрсетті, ал канадалық болса, бұл елде бірінші рет өнер көрсетті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде