{metadescription}
Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист қаза тапты

Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист қаза тапты

Алматы қаласының тұрғыны Александр Чечулин Тянь-Шань тауларындағы Победа шыңына көтерілген кезде қайтыс болды.

Бұл туралы Facebook-тегі «Журнал - Ветер странствий» тобында жарияланды. Алматылық альпинист топпен бірге Тянь-Шань тауындағы Жеңіс шыңын бағындырмақ болған. Алайда ер адам биікте ауырып қалған. Болжам бойынша, оның өкпесі қабынған көрінеді.

«Альпинистер тобы палатканың діңгегін жоғалтып алды. Сондықтан қар басқан шұңқырдың ішінде палаткаға оранып жатуға тұра келді. Таңертең 16 тамызда Александр оянбады», - делінген Facebook-те.

Ер адам кәсіби түрде альпинизммен айналысқан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.