{metadescription}
Үйге ұшақ құлап, бір адам мерт болды

Үйге ұшақ құлап, бір адам мерт болды

Бортында үш адамы бар Cessna 303 жеңіл екімоторлық ұшақ Нью-Йорк штатында жеке үйдің үстіне құлады.

АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, 17 тамызда ұшақ Датчесс округындағы үйге соқтығысқан. Ұшақ бортында үш адам болған.

Ұшақ құлағаннан кейін үй өртке оранып, толығымен қираған. Ұшақтың бір жолаушысы қайтыс болған, тағы біреуі жарақат алған. FAA және көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесі осы оқиғаға байланысты тергеу бастаған. 

Айта кетейік, Ресейдің Пермь қаласында бағдарлық шағын автобус көшедегі ғимаратқа соғылды. Жол апатынан бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде