{metadescription}
Жасөспірім отбасын балталап өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Жасөспірім отбасын балталап өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Ресейдің Ульянов облысында тергеушілер бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

18 тамыз күні таңертең Патрикеево ауылындағы үйлердің бірінен 66 жастағы ер адамның, 69 және 42 жастағы екі әйелдің және төрт жастағы екі баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Артынан қайтыс болған 16 жасар жасөспірім табылды.

Алдын ала болжам бойынша, бозбала отбасы мүшелерін балтамен өлтіріп, өз-өзіне қол салған. Ол шизофренияға шалдыққан болуы мүмкін, деп мәлімет берді өңірлік прокуратура өкілі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиға болған жер тексеріліп жатыр. Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің «а» тармақшалары (екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде