{metadescription}
Жаңа оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды

Жаңа оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының каникулдар мерзімін белгіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша 2019 - 2020 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімі бекітілді. Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ.

Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сүйенсек, келесі мерзімдер бекітілген:

2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;

бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан тұрса, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 оқу аптасынан;

күзгі демалыс 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн);

қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн);

көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған. 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғында қосымша 7 күндік демалыс белгіленген. Оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде