{metadescription}
Ақтауда шетел азаматшасы өлі табылды

Ақтауда шетел азаматшасы өлі табылды

Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды.

Полиция мәліметінше, оның денесінде зорлық белгілері бар. Әйелдің денесі 11-ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылған. Кейінірек оның Өзбекстан азаматшасы екені анықталды.  Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 тамызда жедел-тергеу іс-шарасы барысында күдікті ұсталған. Ол да Өзбекстанның азаматы болып шықты.

"Ол кінәсін толық мойындады. Күдік сот шешімімен екі ай мерзімге қамауға алынды", - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде