{metadescription}
Іле Алатауында алматылық альпинистер жоғалып кетті

Іле Алатауында алматылық альпинистер жоғалып кетті

Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен.

Алматылық үш альпинист Мұрат Өтебаев, Андрей Корнеев және өкпе қабынуынан қайтыс болған Александр Чечулин «Жеңіс» шыңында қалып қойды. Жоғалған альпинистердің бірінің қызы Айгүл Матай Instagram парақшасында әкесі туралы жазды.

«Олар 6600 метр биіктікте қалып қойды, төмен түсуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ. Ауа- райының қолайсыздығы мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеуінен альпинистер тобы базалық лагерьге уақытында түсе алмады. Аман қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев ешкіммен байланыса алмайды», - деп жазды Айгүл.

Альпинистер Қырғызстан территориясында жоғалғандықтан, ІІМ өз жұмысын СІМ-мен үйлестіруде. Іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хан Тәңірі шыңынан іздестіру орнына жаяу іздеушілер мінген құтқарушылардың тікұшағы аттанды.

«Ондай биіктікте тікұшақтар ұша алмайды. Тікұшақ тек 4500 метрге дейін көтеріліп, ары қарай жаяу топтар шығады. Қырғызстандық әріптестерімізден көмек келеді деп үміттеніп отырмыз», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында

Мұрат Өтепбаевтың альпинизм бойынша 13 жылдық тәжірибесі бар. Альпі Азия командасының жаттықтырушысы, төрт баланың әкесі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде