{metadescription}
Ақтөбеде әкесі туған қызын зорлап, қашып кеткен

Ақтөбеде әкесі туған қызын зорлап, қашып кеткен

Ақтөбе облысының қылмыстық полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған өз қызын зорлап, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Ахметов Ермек Серікбайұлын іздеу үстінде.

2019 жылдың 27 ақпаны күні 36 жастағы күдікті Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі пәтерінде кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған. Аса ауыр қылмыс жасап, кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-тармағында көзделген қылмыс негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Ізделушінің белгілері: бойы (орта) 170-175 см; мығым денелі (тарамыс); беті сопақша; шашы қара, толқынды, қысқа шашты болуы мүмкін; кең маңдайлы; қасы қалың, тік; көзі қоңыр-жасыл; мұрны үлкен, тік орналасқан; ерні жіңішке; иегі шығыңқы; құлақ қалқаны шғыңқы; сақал мен мұрт қоюы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде