{metadescription}
Алдағы күндері бұршақ жауып, күн суытады

Алдағы күндері бұршақ жауып, күн суытады

Апта басында Қазақстанның көптеген өңірінде ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбыр жауады.

Синоптиктер тамыздың 20-22 аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстанға Батыс Сібір өңірлерінен суық атмосфералық ағындармен циклон ығысып, олар республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарына қарай жылжиды. Соның салдарынан республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ бұршақ жауып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал»,-делінген хабарламада.

Мұнымен қатар, батыста және оңтүсікте жауын-шашынсыз, бірақ оңтүстікте ыстықтың орташа көпжылдық мәнге дейін бәсеңдеуі күтіледі. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде