{metadescription}
Әуежайда премьер-министрдің әйелі нанды лақтырып жіберді

Әуежайда премьер-министрдің әйелі нанды лақтырып жіберді

Бұл дөрекі жайтты зерттеп кеткен Ynet басылымы саясаткер отбасының мәселесі Израиль әуежайында басталғанын түсіндіріпті.

Журналистердің айтуынша, Сара Нетаньяху ұшаққа отырған кезде-ақ ашулы болған. Израиль премьер-министрі Биньяминнің әйелі Сара Нетаньяху Киевке ұшып шыққан ұшақтың ішінде-ақ шу шығарған. Ал Украинаның әуе-жайында өздеріне кертіліп ұсынылған нан қиқымын ол аузына апармай, жерге тастай салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мако" жөйт басылымы жариялаған видеодан байқағанымыздай, шетелдік қонақтарды украин ұлттық киімін киген сұлу қыздар қарсы алады. Ұлттық дәстүрмен дәм тату үшін оларға нан мен тұз ұсынылған. Мұндай дәстүрмен бұрыннан таныс премьер-министр Беньямин Нетаньяху нанның шетін кертіп, оны тұзға батырып, алдымен өзі жейді. Одан кейін оның бір бөлігін қасындағы әйеліне береді. Бірақ ол оны ауызға салудың орнына, жерге лақтыра салып, қос алақанын қағады.

Бұл дөрекі жайтты зерттеп кеткен Ynet басылымы саясаткер отбасының мәселесі Израиль әуежайында басталғанын түсіндіріпті. Журналистердің айтуынша, Сара Нетаньяху ұшаққа отырған кезде-ақ ашулы болған. Ол өзін ұшақ командирі дұрыс қарсы алмады деп сөккен. Осыдан кейін экипаж басшысы премьер-министрдің кабинасына жеке байланысқа шығып, оған құрмет білдіруге мәжбүр болған.

"Біз үкімет басшысы мен оның әйелі Сара Нетаньяху ханымға сәт-сапар тілейміз", - деді командир.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде