{metadescription}
Жөтелінің себебін кеш білген жігіт қайтыс болды

Жөтелінің себебін кеш білген жігіт қайтыс болды

56 жастағы британиялық Тревор Уокер жөтелінің себебін білгеннен кейін екі жұмадан соң көз жұмды.

Дәрігерлер оның ішегінен ісік тапқан. Темір ұстасы болған Уокер екі ай бойы үздіксіз жөтелген. Алғашында жақындары ол кеуде қуысына таралған инфекция жұқтырып алды деп ойлайды. Алайда дәрігерлер 56 жастағы британиялықтың ішегінен қатерлі ісік тапты. Ауру асқынып, өкпесіне тараған.

Дәрігерлер Уокердің шамамен үш апта ғана өмірі қалды деген қорытынды жасады. Ер адам қауіпті диагнозын білгеннен кейін 16 күн өткен соң көз жұмды. Уокермен 24 жыл бірге тұрған жесірі күйеуінің салауатты өмір салтын ұстанғанын айтады. 30 жыл бұрын темекіні тастаған, ішімдік те ішпеген. Әйелдің айтуынша, күйеуінен әлсіздік пен жөтелден басқа, қатерлі дерттің көзге көрінерлік белгілері байқалмаған.

Дереккөз: Sputnik

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде