{metadescription}
Меккеге қажылыққа кеткен Қазақстан азаматы жол апатына түсті

Меккеге қажылыққа кеткен Қазақстан азаматы жол апатына түсті

Меккеге қажылыққа барған қазақстан азаматы жол апатына ұшырады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, бір адам жол апатына ұшыраған, кейін оны ауруханаға жеткізген. Ол ауыр жарақат алмаған. Белгілі болғандай, ер адамның бас миы зақымдалып, денесі жарақаттанған.

Айта кетсек, биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа аттанған. Оларға 21 медицина маманы қызмет етуде. Дәрігердің көмегіне 1744 қазақстандық азамат жүгінген. Қажылардың денсаулығы нашарлауына көбінесе ыстық ауа райы және арақашықтықтың алыстығы себеп болған. Нақты саны - 1150 адам.

Асқазан ішек жолдары ауруларымен - 90 адам, оның 12-сінде өздеріндегі созылмалы ауруларының өршуі болды. 380 адамда тірек қимыл аппараты аурулары тіркелсе, оның 360-да аяқтың әр түрлі қажалулары бар. Сондай ақ жүрек қантамыр жүйесі аурулары - 220, оның 215-де артериалды қан қысымның жоғарылауы байқалған. Сонымен қатар қант диабетімен 4 адам, бронх демікпесімен 6 адам дәрігерден ем алды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде