{metadescription}
Күйеу жігіт құдалықтан келген киім үшін ажырасып кетті

Күйеу жігіт құдалықтан келген киім үшін ажырасып кетті

Өзбекстанда шаңырақ көтерген жас жұп үйлену тойының ертеңінде ажырасып кетті.

Күйеуіне қалыңдықтың ата-анасы сыйға тартқан жергілікті өндіріс орнынан шыққан киім ұнамады. Жергілікті телеарнаның бірі Өзбекстанның Навои аймағындағы отбасылық және неке мәселелері, сондай-ақ жастар арасындағы ажырасудың себептері туралы репортаж көрсетті.

Сюжетте жас жігіт тойдан кейін қалыңдығының ата-анасы «нашар киім-кешек» сыйлағанына шағымданып, содан кейін ажырасуға тура келгенін айтты. Өзбектердің дәстүрі бойынша, қыздың әке-шешесі күйеу баласына киім сыйласа, ұлдың әке-шешесі жас келінге ыдыс-аяқ, кілем, тұрмыстық техника сыйлайды екен.

«Қыздың ата-анасының маған берген киімі ұнамады. Қалыңдығымның ата-анасы мен бауырлары жақсы жерлерде жұмыс істейді. Олар маған қымбат киім сыйлайды деп ойладым», - деді жас жігіт.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.