{metadescription}
Петропавлда ер адамның әйеліне көрсеткен азабы жұрттың жағасын ұстатты

Петропавлда ер адамның әйеліне көрсеткен азабы жұрттың жағасын ұстатты

Амалы таусылған келіншек әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына хабарласуға мәжбүр болған.

Петропавлда отағасы әйеліне ұйқы бермей, салдарынан келіншектің денсаулығына зиян келген.

"1962 жылы туған Петропавл тұрғыны әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына хабарласып, арақтың кесірінен күйеуінің мінез-құлқы өзгеріп, қауіпті адамға айналғанын айтып берген. Жиі ұрып-соқпаса да, ер адам психологиялық қысым көрсетеді екен, мысалы, әйелге ұйқы бермей, салдарынан келіншектің денсаулығы сыр бере бастапты", - деп мәлімет берді полиция.

Полиция әйелдерге қолдау көрсету орталығына тез арада хабарласып, әйел адамды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған үйге орналастырған, деп хабарлады Sputnik. Ер адаммен учаскелік инспектор жұмыс істейтін болады.

Құқық қорғаушылар атап өткендей, көп жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер отбасындағы ахуалды сыртқа білдірмеуге тырысады. Сондықтан полицейлер түсіндіру жұмыстарымен айналысуды қолға алыпты. Тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық әңгіме жүргізіп, әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы 3 мың кітапша таратқан.

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде