{metadescription}
Жол полициясының «қызыл таяғын» қайтарып беретін болды

Жол полициясының «қызыл таяғын» қайтарып беретін болды

Министрлік таратқан ақпаратта «қызыл таяқты» (жезл) қайтару тек жол қозғалысын реттеу үшін қажет екені айтылған.

ҚР Ішкі істер министрлігі жол-потрульдік полиция қызметкерлеріне «қызыл таяқты» (жезл) пайдалануды ұсынды.

 «Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта енгізуді ұсынады», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.

 Бұл ретте министрлік алатаяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды. Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.