{metadescription}
Белгілі қазақ жазушысы өмірден озды

Белгілі қазақ жазушысы өмірден озды

Еркінбай Әкімқұлов биыл қыркүйек айында 82 жасқа толар еді.

82 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Мақтаарал" ауданының құрметті азаматы Еркінбай Әкімқұлов дүниеден озды.

"Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 21 тамыз күні сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағында өтеді", - делінген жазбада.

Әкімқұлов Еркінбай 1937 жылы 4 қыркүйекте Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылында туған. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінде нұсқаушы, "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі, "Қазақ" радиосында аға редактор, "Жалын" баспасы бас редакторының орынбасары, "Рауан" баспасында редакция меңгерушісі, редактор, "Кітап жаршысы" (Друг читателя) басылымында бас редактор болып істеген.

Жазушының "Қарақозы Әбдәлиев", "Даңқым –дәуірім" очерктері мен "Перизат сезім", "Қыз күнделігі" повестер мен әңгімелер жинағы, "Өзбекәлі Жәнібеков" ғұмырнамалық деректі хикаяты сынды бірқатар шығармасы оқырман тарапынан лайықты бағаланған. Көрнекті композитордың өмірін арқау еткен "Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы" атты роман эссесі халықтың сүйіспеншілігіне бөленген туындылардың қатарын толықтырды.

Еркінбай Әкімқұлов поляк жазушысы Януш Корчактың "Қайта оралған балалық" повесін, татар жазушысы Р. Мұстафиннің "Кішкентай Мұса" повесін қазақшаға аударса, "Ты – мой светлый мир", "Дневник девушки" деген атпен екі кітабы орыс тілінде жарық көрген.

Дереккөз: sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.