{metadescription}
Семей тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жындыханадан шықты

Семей тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жындыханадан шықты

Ер адам ұлттық алауыздықты туғызуға бағытталған материалдар жариялаған.

Сот әлеуметтік желіде заңға қайшы материалдар жариялаған ер адамды күштеп емдету үшін психологиялық стационарға жіберу туралы шешім қабылдады.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында 32 жастағы Семей тұрғынын анықтады. Ер адам "ВКонтакте" желісіндегі жеке парақшасында ұлттық алауыздық туғызуға бағытталған мәтіндерді жариялаған", - деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Ер адамға қатысты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлімі "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліпті. Бұл бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде