{metadescription}
Дәрігерлер шошқаның жүрегі мен бүйрегін адамға салмақ

Дәрігерлер шошқаның жүрегі мен бүйрегін адамға салмақ

Ұлыбританиялық хирург-трансплантолог Теренс Инглиш алдағы үш жылда шошқалардың жүрегін адамдарға салатынын айтады.

Сондай-ақ, 2019 жылы алғаш рет шошқаның бүйрегі адамға салынбақ. Инглиштың айтуынша, жануардың бүйрегі адамға сәтті салынса, жуық арада жүректі алмастырып салатын болады. Бұл өз кезегінде донор органдарына деген сұранысты қанағаттандырады.

Ұлыбританияда 300 адам өзінің жүрегін ауыстырып беруді күтіп отыр. Сол себепті зерттеушілер бұл мәселені шешудің жолын қарқынды түрде іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, шошқа жүрегінің көлемі адамдікімен бірдей екені белгілі.

Адам ағзаларын салыстырып салатын ксенотрансплантация саласы гендік инженирияның дамуының арқасында ілгерілей түсті. Алайда көптеген маман мұның адам баласына кері әсері болуы мүмкін екенін айтады. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.