{metadescription}
Анасының сүтін емген нәресте шетінеп кетті

Анасының сүтін емген нәресте шетінеп кетті

Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Англияның Тинмут қаласы Девон графтығында нәресте анасының сүтінен шетінеп кетті. Әйел жүктілік кезінде ауырсынуды басатын дәрі ішкен. 19 тамыз күні тергеудің болжамы айтылды. Мамандар нәрестенің шетінеп кетуіне анасының сүті арқылы барған анальгетик себеп болуы мүмкін деп отыр.

Әйел жүкті болған кезде арқасы ауырып, дәрігерлер жазып берген "трамадол" дәрісін ішкен. Әйелдің айтуынша, дәріден кейін қызын емізбеймін деп шешкен. Алайда дәрігерлер мұның еш қаупі жоқ екенін айтқан. Іс материалдарымен танысқан педиатр бұл жаңа препарат екенін айтады. Ананың сүті арқылы нәрестеге қауіп төндіруі әбден мүмкін.

Сот-медициналық сарапшылар болса, сәби өте тез шетінеп кеткенін айтады. Сондықтан бұл болжам бастылардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.