{metadescription}
Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді

Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді

Matchroom британиялық промоутерлік компаниясы қазақстандық Данияир Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді. 

13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theather кіші залында Данияр Елеусінов жеңіліп көрмеген 34 жастағы америкалық Решард Хикспен кездеседі. Мұның алдында жекпе-жектің он раундқа созылатыны және оған орта салмақ дәрежесіндегілердің қатысатыны айтылған еді. 

Елеусінов пен Хикстің кездесуі америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың кешінің андеркатында өтеді. АҚШ-та шоуды тікелей эфирден DAZN стриминг қызметі көрсетеді. 

Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 25 мамыр күні Мэрилэнд штатының Оксон-Хилл қаласында өткізді. Бұл кезде төрешілер шешімімен чилилік Луис Норамбуэнді жеңген болатын. Алдағы кездесу 28 жастағы Елеусіновтің АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ. Кәсіби бокста ол алғаш рет 2018 жылдың сәуір айында жұдырықтасқан болатын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.